Мұраты биік Мирас
Мирас Мұхамеджан – Бүркітті ауылының мақтанышы. 11-сыныптың оқушысы Мирастың самбомен шұғылданғанына көп уақыт болмаса да, ол облыстық жарыстарда бірнеше рет топ жарып, спорт шебері атанды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі, жаттықтырушысы Қайрат Сүлейменов шәкіртінің шығар шыңы биік екендігіне сенімді. Өйткені, Мирас Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен спорттық жарыста 1-орынға ие болып, «Азия чемпионы» атағын алды. Жас спортшы – өз қатарластарына үлгі.
Тіпті, мектепте Мирасқа арналған стенд жасақталғалы жасөспірімдердің спортқа деген құлшынысы арта түскен. Мирастың өзі де оқушыларды спортқа баулып келеді.
Талантты шәкірттің Қазақстанның көк Туын биікке желбірететіндігіне сеніміміз мол.
Жайнагүл ҚАУАШОВА,
№20 орта мектептің әлеуметтік педагогі.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.