Ақтоғай

Мұғалім міндеті – кәсіпті дамыту

     Көшбасшы мұғалім – мектепті қайта құруға көмектесетін, мектеп деңгейіндегі проблемаларды шешуге белсене араласатын, әріптестерінің кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізетін адам. Кәсіптік дамыту – мұғалімнің белсенділігі және оқуға дайындығы.

Көшбасшы болып есептелетін мұғалімдер оқу үдерісін жетілдіру мақсатында түрлі шараларға әріптестерін тарта отырып, мектеп мәдениетін арттыруға тырысатын адам. Иә, сондай көшбасшы ұстаз біздің де ұжымымызда абыройлы, табысты еңбек етуде. Ақтоғай ауданына қарасты Абай ауылындағы мектепте абыройлы жұмыс жасап жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты ұстазы Алтынай Тілеужанованың есімі Ақтоғай ауданы мен облыс ұстаздарына жақсы таныс. Ұстаздың еңбегі мен шәкірттерінің жетістіктері өте көп. Ұстаз бірнеше облыстық, халықаралық педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпазы. Әріптесіміздің іс-тәжірибесі Ақтоғай аудандық білім саласының тарихына арналған «Білімнің қия жолында» және республикалық «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлерінің іс-тәжірибесі жинақталған энциклопедияға енді. Алтынай Серікқызы педагогикалық шеберлік орталығында «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша білім алып, сертификат иеленді. Алған білімін мектебімізде өткізген тәжірибе кезеңінен-ақ бүгінге дейін ұжым ұстаздарына, мектеп оқушыларына бойындағы білім-білігін көрсетуде. Алтынай Серікқызының өткізіп жатқан коучинг сессиялары, сыныптан тыс жұмыстары мазмұнды жаңа форматта өтуде.

Таяуда ұстаздар ұжымына «Бірлескен әрекеттер – интербелсенді оқытудың негізі» тақырыбында коучинг сессия сабақ өткізді. Коучинг өткізілетін аудитория арнайы жабдықталып, ұстаздар екі топқа бөлінді. Әр мұғалім өз ойларымен бөлісіп, оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдерді үйренді. Ұстаздың өткізіп жатқан коучингтері әр мұғалімнің жан-дүниесін қозғап, көзқарастарын өзгертіп, өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге ынталандырды. Коучинг сессияларды өткізу мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге ғана емес, өздігінен нығаюға мүмкіндік береді.

Гүлжанат АДРЕИСОВА,

Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button