Бас тақырыпҰлытау

«Ұлытауша үй бөлу-2»

Биыл 30-наурызда осындай тақырыппен жарияланған мақаланы былай аяқтаған едік: «Аудан әкімдігіне соңғы сауал: 2018 жылдың желтоқсанынан құжатсыз коттеджде тұратындар жал ақысын, жер мен жылжымайтын мүлік салығын қалай төлеп келеді?». Осыған орай Ұлытау ауданының әкімі С.МЕДЕБАЕВТАН төмендегідей жауап алдық:

«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, жалдаушыларға тек тұтынған коммуналдық қызмет төлемдері мен ай сайынғы тұрғын үй жалдау ақысын төлеу қарастырылған. Сіз көрсетіп отырған Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үйлер мемлекеттік мекеменің балансында тұрғандықтан, оларға жер салығы салынбайды. Тұрғын үй жалдау ақысын төлеу тұрғындармен тікелей жалдау уақыты мен құны көрсетілген келісімшарт жасалғаннан кейін ғана жүргізілетін болады. Ал, көрсетілген тұрғын үйлер коммуналдық тұрғын үй қорына алынбағандықтан, тұрғындармен келісімшарт жасау мүмкін емес.

Қазіргі таңда аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру бағытында әкімдік тарапынан құзырлылық шеңберінде тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күні сол мақсатпен тұрғын үй комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді. Тиісінше, Ұлытау ауданы әкімінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі №14/1 қаулысына сәйкес, комиссия төрағасы Б.Т.Байжантаев комиссия құрамынан шығарылды.

Тексеру жұмыстары жалғасуда».

РЕДАКЦИЯДАН: сонда 2 жыл бойы аудан прокуроры қайда қарап отырған?!

Басқа материалдар

Back to top button