Жаңалықтар

Ұлы дала өркениеті – Астанада

   Астанада «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясында Қарағанды облысының мәдени күндері өтуде. Айтулы шара барысында, «Сарыарқа – ұлы дала өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ұйымдастырылды.

Бүгін және ертең «Астана» концерт залында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 300-ден астам жәдігері жұрт назарына ұсынылады. Экспозицияны тамашалаушылар еліміздің егемендік алған жылдарындағы Қарағанды облысының тарихи өткені және даму кезеңімен кеңінен таныса алады. Сонымен қатар, Сарыарқаның мәдени мұрасы, ұлы тұлғалары, көмір бассейнін игеру, бүгінгі Қарағанды, жаңа жобалар және Қазақстан халқы ассамблеясы туралы құнды дүниелер көрмеге қойылмақ. Көрме «Астана» концерт залында бүгін сағат 11.00-де басталады. Келемдеушілерге кіру тегін.

Айта кетейік, Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1932 жылы 7 қарашада РКФСР Халықтың комитеті бұйрығымен ашылған. Мұражайда 14 зал орналасқан. Бүгінгі таңда мұражай қоры 148.194 сақтау бірлігін қамтиды, соның ішінде: негізгі қор – 122.562, ғылыми  көмекші қор – 25.632. 2011 жылы мұражайлық технологияның заманауи ақпараттық құралдарынын пайдалану арқылы мұражайға реэкспозиция жұмыстары жасалған.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button