Жаңалықтар

Ұлттық сананы жаңғырту жолы

    №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана филиалында «Латын тілі – болашаққа нық қадам» деген тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Шараға «52859» әскери бөлім сарбаздары қатысты.

Бөлім  меңгерушісі Айжан Исина латын әліпбиіне көшу жөніндегі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған жайттар жөнінде хабарлама жасады. «52859» әскери бөлім сарбаздары да өз ойларын  ашық   айтып,  пікір таластырды.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Ұлттық Ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы «52859» әскери бөлімінің 1-ші құтқару батальон командирінің Тәрбие және әлеуметтік құқықтың жұмыстары жөніндегі  орынбасары, майор Қ.Әмірбеков өз ойын ортаға сала  отырып, «Тіл» журналының кезекті басылымындағы латын  әліпбиімен жазылған мақаланы оқуды ұсынды. Ал, сарбаздар болса, қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар  латын  әліпбиімен  жазылуда деп айта кетті. Қазақ әліпбиінің латын баламасын салыстыра отырып, өз  аттарын латын әліпбиімен жазып қызықтады.

Дөңгелек үстел барысында латын әліпбиіне көшуге қарсылық білдіргендердің ойлары да  талқыға салынды. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан  босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған  әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық  санамыздың қайта жаңғыруына жол ашпақ.

 А.ҚОҢЫРОВА,

№2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана филиалының   кітапханашысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button