Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барады
Премьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысы сапар барысында:
– Жезқазған жылу-электр орталығы және басқа да коммуналдық нысандардың жұмысын тексереді;
– өңірдің көлік-логистика әлеуетінің дамуымен, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің қызметімен танысады.
Премьер-Министрге Жезқазған қаласын дамытудың бас жоспары таныстырылады деп жоспарланған.