Қарағанды

Әлемдік қауымдастыққа жасалған қадам

Бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшу өзекті түрде талқылануда. Елбасы латын алфавитіне көшу мәселесінің маңыздылығын ерекше атап айтты. Парламенттік тыңдаулар халқымыздың жаңалықты енгізуге дайындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Біз тарихымыздағы орыс тілінің ролі туралы да ұмытпауымыз керек. Кириллица орыс тілінің ажырамас бөлігі болып қала бермек. Ал үштілділік – Елбасымыздың алдымызға қойған мақсаты.

Жастар ағылшын тілін үйренуге ден қойды. Кейінгі буын, өскелең ұрпақ та ақпарат заманының көшінен қалмай, технологияны меңгеруге, тілді үйренуге мүдделі. Білім қуған жастар шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда.

Латын әліпбиіне көшу – техника тілін меңгеруде болашақ жастар үшін үлкен мүмкіндік беріп, өркениетті елдердің қатарында көріну үшін тамаша мүмкіндік.

Қазіргі таңдағы жаңартылған мазмұнындағы білім беруде, үштілді білім беру жүйесінің дамуында, үштілділікте ақпараттарға балалардың қолжетімділігін арттыруда да латын әліпбиінің берері зор.

Бұдан бөлек, латын әліпбиіне өте отырып, мәдени мұрамыз бен тарихымызды тереңнен зерттеуге мүмкіндік аламыз.

Тіл маманы ретінде латын алфавитіне көшуді толық қолдаймын. Тарихымызда латын әліпбиі бірнеше жылдар бойы пайдаланылып, өзінің міндетін тиімді атқарды емес пе?! Қазіргі технология мен инновация ғасырында бұл әлемдік қауымдастықпен қарым-қатынастағы жаңа деңгейге көшуге жасалған қажеті қадам.

Ж.БАЙМАҒАНБЕТОВА,

Тілдер орталығының қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button