Ұландықтар жоғалған әмиянды иесіне қайтарды
Қарағандылық ұландықтар Астана қаласында қызмет атқару барысында, қырағылық танытты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімі Астана қаласының көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қызметке шыққан болатын.
Ермахан Төребеков бастаған әскери топ өзінің серіктестері қатардағы жауынгерлер Әлішер Күрденұлы және Бақытжан Боранбаевпен бірге өздеріне берілген аймақта қызмет атқарып жүреді. Қызмет атқару барысында, көпқабатты үйлердің жанынан әмиян тауып алады.
Дәл сол сәтте ұландықтар көп кідірместен әмиянның иесін іздеуге кіріседі. Арада 15 минут өткен соң әмиянның иесі табылып, ол әмиянның ішінде қандай заттар бар екенін баяндап әмиянды алады. Осылайша, Астана қаласының тыныштығын күзеткен ұландықтар тағы да қырағылық танытып, өз қызметтерін адал атқаруда.
Бақдәулет МАНАРБЕКҰЛЫ,
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨҚ Баспасөз қызметкері.