Спорт

Ұландықтар жеңіс тұғырында

Петропавл қаласы 6637 әскери бөлімінде Ұлттық Ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қазақ күресінен  біріншілігі өтті. Айтулы доданы 6637 әскери бөлімінің командирі Ғалымжан Кибаев ашып берді.

Суреттер: автордан

Үш күндік додада спортшылар бар күш-жігерін, айла-тәсілдерін паш етіп, жеңіске деген құлшынысын көрсетті.

Теміртау қаласының 5516 әскери бөлімінен келген қатардағы жауынгер Ернар Ізімбергенов 82 келі салмақта I орынды, 60-келі салмақта Есен Мадияр мен 74 келіде күрескен  Жасұлан Хамзин II орынды иеленді.

Төрешілердің шешімімен Ернар Ізімбергенов наурыз айында Өскеменде өтетін Ұлттық Ұлан чемпионатында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының  намысын қорғайтын болды.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button