Ақтоғай

Коворкинг орталығы ашылды

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 19 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді. Оның қорында 266 мың кітап бар. Жыл сайын жергілікті бюджеттен кітап қорын толықтыруға – 3 миллион теңге, газет-журнал жаздыртып алуға 3 миллион теңге қаржы бөлінеді. Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Кітапханалар заман талабына сай өзгеріп, жастар үшін аса тартымды ілім-білім орталықтарына айналуға тиіс» деген нұсқауын басшылыққа алған кітапханашылар оқырмандар арасында кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту бағытында ұдайы ізденіс үстінде жүйелі жұмыс жүргізуде. Қазір әрбір төртінші кітапхана заманауи талапқа сай жабдықталған.

Таяуда аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде коворкинг орталығы ашылды. Тұсаукесер салтанатында сөз алған аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақтоғай аудандық филиалының төрағасы Салтанат Әбеуова мұндай орталық ашу Елбасы тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» партиясының білімнің басты қазынасы – кітаптардың алтын қоры сақталған кітапханаларды цифрландыруға бағытталған «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталығы» атты партиялық жоба аясында жүзеге асқанына және ауылдық жерде тұңғыш рет ашылып отырғанына назар аударды.

Уақыт көшінен қалыспай, қасиетті қазынаны көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашыларға алғыс айтып, еңбегіне сәттілік тілеген аудан басшысы: «Қазір ауылдардағы кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғымен жабдықтап, цифрлы жобалар енгізу — бүгінгі күннің талабы. Сондықтан, бұл орталық аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалануына және мектеп қабырғасында алып жатқан білімін одан әрі жетілдіруіне септігін тигізеді», – деді.

Орталықтың ашылу қуанышына аудандық мәслихат хатшысы Р.Әбеуов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Таукеев, аудан әкімінің баспанада бірігіп еңбек ететін мамандығы мен қызметі әртүрлі адамдардың ұжымдық кеңсесі». Білімі мен біліктілігі, көзқарасы мен мақсат-мұраты алуан түрлі адамнан тұратын ашық қоғамдастық – коворкингтің айрықша айырмашылығы мен артықшылығы. орынбасары А.Аманжолов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р.Түсіпбеков, ардақты ұстаз, өлкетанушы Т.Ақпанбаева ортақтасып, өскелең ұрпақ, жасампаз жастарға арналған орталық қызметіне сәттілік тіледі.

«Коворкинг» ағылшынша «бірлескен жұмыс» деген мағынаны білдіреді екен. Кең түрде алып қарасақ, «ортақ Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Зәмзагүл Сәтекова қонақтар мен оқырмандарды кең әрі жарық бөлмеге жайғасқан орталықпен таныстырды.

Онда кітап оқуға, шығармашылықпен айналысуға, ғылыми жобаны бірлесіп жүзеге асыруға, түрлі акция, шығармашылық кездесу өтізуге барлық жағдай жасалған. Коворкинг орталығы 4 аймаққа бөлінген. Wi-Fi аймағында кітапхана қызметін пайдаланушы тегін сымсыз интернетке қол жеткізе алады. Интернет аймағы — электронды жұмыс орны, ол бірнеше компьютермен жабдықталған. Конференц-аймағы түрлі тақырыпта «дөңгелек үстел», кездесу, семинар, мастер-класс өткізуге өте қолайлы. Релаксация аймағында кітап, журнал оқуға, ойын ойнап, теледидар көріп демалуға болады.

Іс-шара барасында К.Байсейітова атындағы мектеп мұғалімі Т.Сопыжановтың ұйымдастыруымен жастар арасында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында тренинг өтті. Оған қатысушыларға аудандық кітапхана қызметкерлерінің атынан сыйлық тапсырылды.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button