Бас тақырып

Коммуналдық қызмет: кейін төлеу мүмкіндігі

Төтенше жағдайға байланысты коммуналдық қызметтер ақысын төлеу шарттылығында жеңілдіктер қарастырылды. Соған орай, қаражат тапшылығын сезінген тұрғындарға жинақталған соманы кейін төлеу мүмкіндігі берілді. Қарызы бар тұтынушылар коммуналдық қызметтерден ажыратылмайды, сондай-ақ, айыппұл мен өсімпұл есептелмейді. Бұл туралы облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай ҮСЕНОВ мәлімдеді.

Коммуналдық қызметтерді төлеу мерзімін ұзарту үшін өтініш жазудың немесе тиісті ұйымдарға жүгінудің қажеті жоқ. Ол автоматты түрде та­ғайындалады.

– Барлық кәсіпорындар төтенше жағдай режимінде тұтынушылардың жағдайына орай шешім қабылдап отыр. Тұрғындар режим аяқ­тал­ған­нан кейін бірден емес, төлемді үш ай ішінде жасай алады, – деді Ұлантай Үсенов.

Газ, электр және жылу бойынша көрсеткіштерді беруге қатысты да алаңдауға негіз жоқ. Оларды кейінірек хабарлауға болады. Мүмкіндігі бар адамдар телефон арқылы ыстық және суық су көр­сет­кіш­терін беруі тиіс. Ком­му­налдық қызметтер ақысын төлеу мүм­кін­дігі бар тұтынушыларға төлем­дер­ді банктердің мобильдік қосым­шала­рының көмегімен жасауына болады.

Коммуналдық кәсіпорындар 2 сәуірден бастап азаматтарды қабыл­дауды тоқтатты. Коммуналдық қыз­мет­терге байланысты барлық сұ­рақтар бойынша сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін мына телефондар ар­қылы хабарласуға болады:

Қарағанды: жылумен қамту – «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС (8-7212) 98-00-05; сумен қамту – «Қа­рағанды Су» ЖШС (8-7212) 56-43-45; ҚТҚ – «ГорКомТранс» ЖШС (8-7212) 56-11-33; «Ресайклинг» ЖШС (8-7212) 53-11-10; газ – «ЭкоӘлемҚазақстан» ЖШС (8-7212) 97-30-72.

Теміртау: жылумен және сумен қамту – «Оқжетпес-Т» ЖШС (8-7213) 99-62-64; энергиямен қамту – «Оқжетпес» ЖШС (8-7213) 44-84-92; ҚТҚ «Гордорсервис-Т» – (8-7213) 98-66-68; «Фирма 777» ЖШС  (8-7213) 98-45-58; «ТТК» ЖШС (8-778) 891-53-38.

Саран: жылумен қамту – «Сараньтеплосервис» ЖШС (8-72137) 5-80-30; энергиямен қамту – «РСО» ЖШС (8-7212) 90-01-52; сумен қамту – «Саранькоммунсервис» КМК (8-72137) 5-22-70; ҚТҚ – «Леликов» ЖК (8-7777) 976-08-67; «Мыслицкий» ЖК (8-701) 258-12-26.

Шахтинск: жылумен қамту – «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС (8-72156) 3-90-47; энергиямен қамту – «РСО» ЖШС (8-7212) 90-01-52; сумен қамту – «Шахтинскводоканал» АҚ (8-72156) 3 -93-80; ҚТҚ – «Крамарева» ЖК (8-72156) 3-93-38; «Малибеков» ЖК (8-72156) 3-23-79; «Кропачева» ЖК (8-72156) 6-64-54.

Абай: жылумен қамту – «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС (8-72131) 4-42-77; энергиямен қамту – «РСО» ЖШС (8-7212) 90-01-52; сумен қамту – «Жігер Су» КМК (8-72131) 4-48-58; ҚТҚ – «Абай Көркем» ЖШС (8-72131) с. 4-85-35.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button