Колонияларында өнеркәсіп аймақтарын модернизациялау жоспарланды
ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың және облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының бастамасымен «Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында ҚАЖ кәсіпорындарының өндірістік инфрақұрылымын модернизациялау және кеңейту арқылы сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру» пилоттық жобасы бекітілді, – деп хабарлайды Ortalyq.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Пилоттық жобада 2023-2025 жылдары орындалатын біршама мәселе қарастыралған. Атап айтқанда, заңнамаларды жетілдіру, жұмыспен қамтылған сотталғандардың санын арттыру, өндірісті модернизациялау және кеңейту, еңбек нарығына байланысты сотталандардың әртүрлі мамандықтар алуы.
– Мұндай жобаны біз бірінші рет іске асырып отырмыз. Бірінші кезеңде 4 сәуірде облыстық мекемелерде жұмыс істейтін кәсіпкерлермен олардың күнделікті қызметінде пайда болатын проблемалық мәселелерді анықтау, жобаны іске асыру және тағы басқа пайда болуы мүмкін мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар келтіру мақсатында кеңес өткізілді. Пилоттық жобаны іске асыруда көптеген жоспар жүзеге асатын болады, – деді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Мейрам Бекжанов.