Ресми

Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспарын бекітті

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмысының жоспары мақұлданды. Жаңа редакцияда 6 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы 13 нормативті-құқықтық актіге түзетулер енгізу қажет. 

Сурет: sputnik.kz

 
Премьер-министр 19 заң жобасының 12-сі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдар экономиканы орнықты дамуына, денсаулық сақтау жүйесін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды заңнамалық бастамалар топтамасын дайындауы тиіс.
 
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде жоспар жобасы қаржы нарығын тұрақты дамытуға және кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыруға бағытталған «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңды әзірлеуді көздейді. Сондай-ақ сайлау заңнамасын, мемлекеттік қызметті, міндетті медициналық сақтандыруды, денсаулық сақтауды дамытуды, баламалы энергия көздерін, телекоммуникация нарығын және деректер орталықтарын жетілдіруге ерекше назар аударылды.
 
Үкімет мүшелері ұсынған жоспар жобасын мақұлдады. Премьер-министр биылғы жоспарының қалған барлық заң жобасын Парламентке енгізу жұмыстарын аяқтауды және сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button