Қарағанды

Кесілген шыршаға – кесімді жаза

     2014 жылдан бастап ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау қылмысты іске жатқызылады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 340-баппен қарастырылған жауапкершілікке ұшыратады. Бұл баптың 1 бөліміне сәйкес: «Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндерді не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау – екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.». 2 бөлімде «Орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»

     Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысымен «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» жаңа жыл қарсаңында – қараша, желтоқсан (яғни, 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін, жыл сайын) қылқан жапырақты тұқымдастарды зақымдау және жою үшін көтеріңкі жауапкершілік орнатылған. Базалық ставкаларға сәйкес – жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты тұқымдастардың жас шыбықтар мен өскіндерді жою немесе зақымдау 1 дана үшін 15 АЕК, ағымдағы жылдың айлық есептік көрсеткішке аударғанда бұл 31815 теңгені құрайды.

    Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің «17.11.2016 ж. жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды күшейту туралы» №258 бұйрығына сәйкес, Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық иснпекциясы 2016 жылдың 1 желтоқсаннан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұтқыр топтар құрып және қылқан жапырақты ағаштар тұқымдарының жас талдарын қорғау, оның ішінде негізгі жолдардың бекеттерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Данияр БАУБЕКОВ,

Қарағанды облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясының

бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button