Он мыңнан астам халқы бар Топар кентінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен тасып әкетіп,сыртқа төгу мәселесі шешімін жапты.
Қазір бұл елді мекенде 10 орын белгіленіп,сол жерлер мен оған кіреберіс жолдар асфальтталып, қаңылтыр табақшалармен қоршалып, әрқайсына 12 темір контейнерден қойылды.
Жобалық-сметалық құны 34,9 миллион теңге болатын бұл жұмыстарға “Топар кенті әкімінің аппараты” ММ тапсырыс берген болса,оны мердігер ұйым “Diamond-technology” ЖШС осы биылғы шілде-тамыз айларында атқарып шықты.
– Енді кентіміз күннен күнге тазарып,жақсара түседі, – дейді Топар кентінің әкімі Марғұлан Сафаров. – Бұл қоқыс алаңдарына жиналатын қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды конкурс арқылы бұл міндетті ұтып алған “Ресайклинг-Сервиc” ЖШС көліктері мен жұмысшылары еш қиналмай сыртқа тасып, полигонға апарып төгеді.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан