Жаңалықтар

Кеншілер аймағы екінші орында

Қарағанды облысында алты айда 1,05 трлн. теңгеге өнер­кәсіп өнімдері өндірілген. Өнеркәсіп көлемі бойынша Қарағанды облысы елімізде екінші орында тұр. Республикалық өндірістегі облысымыздың үлесі – 10%. Бірінші орын  –  өңдеу өнеркәсібінде. Бұл секторда жарты жылда 811,6 млрд.теңгеге өнім өндірілген екен. Өткен жылмен салыстырғанда ол көрсеткіш 3,4%-ға артық.

Өнеркәсіптің негізгі салалары – металлургия, машина құрастыру, химия өнеркәсібі және фармацевтикада  өсім байқалады. Өнеркәсіп кәсіп­орындарының негізгі капиталына 73,7 млрд. теңге құйылған. Мұның жартысына жуығы (38 млрд.теңгеден астамы) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Кәсіпкерлерді қолдау картасы бойынша облысымызда 80 индустриалды жобалар іске қосылса, онда  6000-нан астам жұмыс орны ашылған. Алты ай ішінде бұл өндіріс орындары 84 млрд. теңгеге өнім өндірген көрінеді.  2017-ші жылға 9,3 млрд. теңгеге 9 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оларда 500-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. Олардың ішінде 3,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылған. Жаңа кәсіпорындарда 159 жаңа жұмыс орны қамтамасыз етіледі.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button