Жаңалықтар

Кен байыту технологиясы әзірленеді

     Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ азаматтарды қабылдау өткізді. Екі күнде аймақ басшысының қабылдауында түрлі мәселелерімен 16 адам болды.

Өтініштердің бір бөлігі жұмысқа орналастыру, баспана беру мәселелеріне байланысты болды. Кәсіпкерлер шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін ортаға салды.

Бұқар жырау ауданы, Тұзды ауылдық округінің фермері Рахат Мұхамедьяров жайылым жерлер бөлуді сұрады. Бұдан басқа, даулы жерлерге, мал өсіру бойынша инвестицияларға қатысты сауалдар да жолданды.

Теміртаулық кәсіпкер Наталья Лугина жаңа технология бойынша өндірісте қиындықтар туындаған соң облыс әкімінен көмек сұрай келген.

«Күйеуім екеуіміз кедей кен орындарын құрғақ жолмен байыту технологиясын әзірледік. Патент алдық. Марганец кенінен бастадық, бүгінде кез келген металл кенін, қалдықтарды байытуға қабілетіміз бар. Қаражалда өндірісті іске қостық. Шығарылған өнімге қатысты тұтынушыларымыз жақсы пікірлерін білдіріп жатыр. Былтыр өндірісті кеңейтуге грантқа ие болдық. Жабдықтар сатып алып, оны Теміртауда орнаттық. Бірақ, шикізат базасымен қиындықтар туындап отыр. Кен алатын үйінді байытумен айналыспайтын фирмаға берілді», – деді Наталья Лугина.

Өндіріске бос үйінді керек. Ерлан Қошанов қарамағындағыларға заң аясында бұл жағдайдың шешімін табуды тапсырды.

Қабылдау барысында әлеуметтік мәселелер де көтерілді. «Отан қорғаушылар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Әбілдә Әбдікәрімов облыс әкімімен Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюшыларды қолдау мәселесін талқылады. «Ардагер-2012» ҚБ басшысы Бақтыбай Есендәулетов ардагерлер ұйымдарының жұмысы туралы баяндады.

Балқаш тұрғыны Махмұт Жарылғап облыс әкіміне №15 мектеп-лицейге Әлихан Бөкейханның есімін беруді ұсынды.

Әрбір жағдай егжей-тегжейлі талқыланды. Проблемалық мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін жұмыстар жүргізіледі.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button