Ақтоғай

Кемел келешек кілті

     Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстанның ұлттық және қауіпсіздік мүдделері толыққанды ескерілген. Ауқымды экономикалық мазмұнға құрылып, ұзақ мерзімді перспективаларға иек артылған құжатта елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген.

Бүгінгі Қазақстан – егемендігі нығайып, осы жылдар ішінде Бірінші және Екінші жаңғыруларды сәтімен іске асырып, әлемдік экономиканың бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына енген ел. Ендігі мақсат – дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл бағытта Елбасының жоспарлары айқын, сенімі бекем.

Жолдауда Үшінші жаңғыру – ағымдағы жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұрудың жоспары ғана емес, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде іске асырылатын сенімді көпір деп аталған. Осы аталған жоспарды жүзеге асыруда ел халқы бір кісідей атсалысуы қажет екені сөзсіз.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында төртінші басымдық ретінде аталған адами капитал сапасын жақсарту мақсатында биыл колледжде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастайды.

Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ, кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Бұдан бөлек, кәсіптік білім беру жүйесінде экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Аталған бағыттағы жұмыстар да келешекте қолға алынады.

Экономиканың әр саласын қамтыған Елбасының бұл Жолдауы – Қазақстанның жаңа жарқын болашаққа жетуін көздеген айрықша тарихи құжат екені айқын.

Мақсат БАЙЫЗ,

Ақтоғай аграрлық-

техникалық колледжінің өндірістік оқу

шебері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button