Жаңалықтар

Келісімшартқа бағынбаған кәсіпкерге жаза қандай?

Қарағандылықтар «Орталық саябақтағы көпжылдық ағаштарға бетон құйып, жеке кәсіпкер рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізуде» деп құзырлы органдарға шағымдануда.

Тұрғындардың шағымына қалалық «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы» мамандары жауап қатты. 

Жеке кәсіпкер «өзіне тиесілі» деп көрсетілген жерді бетондап қойған. Бастапқыда кәсіпкерге брусчатканың көмегімен жерді тегістеуге рұқсат берген.  Ал, ол осыны пайдаланып, жерді тегістеу үшін бетон құйып тастаған. Бұл ереже бойынша бетондалған учаске тегістеу емес, демонтаж жұмыстарына жататындықтан, заң бұзушылық деп танылған.

– Кәсіпкер бұл учаскені рұқсатсыз бетондаған. Ал, бұл кәсіпкермен келісім-шартты бұзуға алып келді. Сонымен қатар бұл аумақта жаңа құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Бұл жерде қыста қар қысымынан шатыры құлаған дәмхана болған. Қазір кәсіпкермен «жасыл аумақтарды күтіп-ұстау ережелерін» бұзғаны, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын рұқсатсыз жүргізгені үшін келісім-шарт біржақты бұзылады, – деді басқарма мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button