Жаңалықтар

Келесі ойын – Өскеменде

Сейсенбі күні Қарағандыда түмендік «Рубинді» қабылдаған «Сарыарқа» 2:3 есебімен есе жіберді.

Алғашқы үзіліске қарсыластар тең есеппен тарқасты. 1:1. «Сарыарқалықтар» сапынан Илья Антоновский мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде таблодағы көрсеткіш өзгермеді. Ал, үшінші кезеңде «рубиндік» Джон Пускар мен қарағандылық Эдгарс Сиксна бір-бір шайбадан салып, матч овертаймда жалғасты. Сөйтіп, 61-ші минутта Руслан Трубкин «Сарыарқа» қақпасын дәл көздеп, түмендік ұжымға жеңіс сыйлады.

«Сарыарқаның» ендігі қарсыласы – өскемендік «Торпедо». 16 қыркүйекте Өскеменге барады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button