КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

   2016 жылғы 25 қарашада облыстық әкімдіктің конференц залында облыстық мәслихаттың депутаты Георгий Георгиевич ПРОКОПТЫҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс Y сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма, департамент басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер шығарылды:

1.Облыстық сайлау комиссиясының «2016 жылғы 30 қазанда өткен №29 Теміржол сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа депутат сайлау қорытындылары туралы» хабарламасы.

2.Облыстық мәслихаттың құрылыс, транспорт және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы.

3.Қарағанды облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №452 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының ХХL сессиясының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

4.2012 жылғы 28 маусымдағы №62 «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы атағын беру туралы ережелер туралы» Қарағанды облыстық мәслихаты VІ сессиясының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

Бірінші мәселе бойынша облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М.Әпиева хабарлама жасады. Өткен сайлау қорытындысы бойынша №29 Теміржол сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып Данияр Күнжолұлы Жәмиев танылды. Ол облыстық мәслихаттың құрылыс, транспорт және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына енді.

Үшінші мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы О. Чернявская баяндама жасады.

Төртінші мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы Ж. Ысқақов хабарлама жасады.

Мәслихат шешімімен Қарағанды қаласындағы Театральная көшесі Тишбек Ахановтың есімімен аталатын болды.

Сессияда барлығы он алты мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияда облыс әкімі Н.Әбдібеков сөз сөйледі.

Төрехан МАЙБАС

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.