Бас тақырып

Каскасыз жүруге жол берген кім?

Бұл Шахтинск қаласының Карл Маркс көшесінде сонау күзден бері салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы. Қазір оның бірінші қабатының төбесі жабылып, екінші, үшінші қабаттары қалануда. Бірақ қашан көрсең, жерде жүрген, не төбеде тұрған құрылысшылардың бір де бірінің каска кимей жұмыс істейтініне куә боласыз. Осы жолы да осындай көріністің үстінен түстім. Төмендегілер плиталар мен құм, цемент толы қаптарды кранның ілгегіне іліп, оны жоғарыға жібереді.

Қабылдап жатқандар да каска кимеген. Ал олардың бас амандығы мен құрылыс басында техникалық қауіпсіздігін сақтауды қадағалап, бақылаған бір адамды байқамадық. Соған жауапты деген құрылыс шебері жөнін айтпақ түгілі бәрін жоғарыға сілтеді. Оның айтқанынан ұққанымыз, бұл үйді салып жатқан Қарағанды қаласындағы «Казжолқұрылыс» мекемесі екен. Мүмкін біздің сауалымыз­ға солар жауап беретін шығар…

Ержан ИМАШ,

Ortalyq.kz

ШАХТИНСК.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button