Covid-19

Карантин талаптары жеңілдетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВТЫҢ төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша мынандай шешімдер қабылданды:
1. Апта бойы «Жасыл аймақта» тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етілді:
– цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысы – толымдылығы 30%-ға дейін;
– спорттық іс-шараларды өткізуге (30% – ға дейін), жұма намазын өткізуге (30% – ға дейін) және жерлеу рәсімін өткізу (30% – ға дейін, 50 адамнан артық емес).

2. Апта бойы «Сары аймақта» орналасқан өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмысына рұқсат етілді.


3. Мониторингтік тексеру қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында санитариялық – эпидемиологиялық талаптардың бұзылу фактілерінің көп мөлшері тіркелген Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық облыстарда үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарының оқушыларына аралас оқытуға рұқсат етілді.

Сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Түркиямен (қосымша 4 рейс), Өзбекстанмен (+4 рейс), Қырғызстанмен (+2 рейс) және Украинамен (+1 рейс) халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру туралы ұсынысы комиссияның қолдауына ие болды.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын әзірлеу барысын баяндады.

Өз кезегінде вице-премьер Е.Тоғжанов аталған заң жобасы бойынша барлық жұмылдырылған мемлекеттік органдармен келісу жұмыстарын және бюджеттік есептерді енгізуде бұрын бекітілген мерзімдерді ұстану қажеттілігін атап өтті.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Басқа материалдар

Back to top button