Бас тақырыпКоронавирус

Карантин кезінде дәрі-дәрмекке рецепті қалай алуға болады?

 Өмірлік қажетті дәрі-дәрмекке жеңілдік рецептінің мерзімі өтіп кетті. Не істеу керек?

 Егер сіз созылмалы аурудан зардап шегетін болсаңыз және ұзақ уақыт бойы осы дәрі-дәрмекті қабылдасаңыз, учаскелік дәрігеріңізбен хабарласып, жаңа рецептке тапсырыс беріңіз. Рецепт “Damumed” мобильді қосымшасына, дәріханаларға (КМАЖ-да жұмыс істейтін) электрондық түрде, сондай-ақ пациенттің WhatsApp нөміріне жіберілуі мүмкін. Сол бойынша сіз дәріханадан қажетті дәріні  аласыз. Егер, дәріхана үйіңізден алыс болса, онда волонтерлер көмегіне жүгінуге болады.  Еріктілердің облыстық штабының телефоны: 8-701-339-37-33.

 Жоспарлы операцияларға қатысты жағдай қалай болмақ?

Жоспарлы операциялар тоқтатылды. Шұғыл жағдайда жедел жәрдем шақыру қажет. Сондай-ақ, жеке көлікпен медициналық мекемеге баруға рұқсат етіледі.

 Бала құлағының ауырғанына шағымданады. Отит болуы мүмкін. Жағдайды дұрыс бағалау және өзін-өзі емдемеу үшін емханада дәрігерінің кеңесі қажет. Оны қалай жасауға болады?

 Сіздің учаскелік дәрігеріңізбен хабарласыңыз және баланы үйде тексеру туралы келісіңіз. Емханаға өзіңіз барудың қажеті жоқ.

Басқа материалдар

Back to top button