Бас тақырыпСпорт
Канвон-2024: конькишілеріміз жартылай финалда
Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасында конькимен жүгіруден масс-старт бәсекесінде отандастарымыз жартылай финалға жолдама алды.

Он айналымдық жарыста Алина және Кристина Шумекова мен Руслан Жанәділов жартылай финалға өтті.
Ал, осы бәсекеде сынға түскен Михаил Матрюхин келесі кезеңге өте алмай, жарыс жолын аяқтады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz