Қарағанды

Күзгі бақта күлімдеп

Күз айы келгелі балабақшамызда көңілді мерекелер басталды. Осы орайда, ҚМТҚ «Шаңырақ» бөбекжайындағы №7 «Қуаныш» ересектер тобында «Күзгі калейдаскоп» мерекелік іс-шарасы өтті. Тәрбиеші Жанар Көбентаева мен Лаура Төлепова, Жанна Ибраева балақайларға берекелі күздің қыры мен сыры және ырысы мен қуанышы жөнінде түсінік берді. Бүлдіршіндер әртүрлі күздік киімдер киіп, сахналық көріністер қойды. Күз байлықтарын, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім жайында тақпақтар айтты. Мерекелік кеште әбден пісіп-жетілетін «Алтын күз» ортаға келді. Басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен таң қалдырды. Бүлдіршіндер барлық жыл мезгілдерінің ішіндегі сұлтаны болған осы мезгілге арнап, мың бұрала би билеп, әуелете ән салды.  Ата-аналары мен апайлары ұйымдастырған бұл мереке бүлдіршіндерге шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.

Ж.ҚИЯНБЕКОВА,

«Шаңырақ» бөбекжайының

ата-анасы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button