Қарағанды

Күз кереметі

    Қарағанды қаласындағы «Жұлдыз» балабақшасында жыл сайын берекелі күздің келуін тойлау дәстүрге айналған. «Күз кереметі» атты тақырыпта өткен ертеңгілік арқылы бүлдіршіндер берекенің, молшылықтың еңбек арқылы келетінін ұғынып, жылдың әр мезгілінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды.

Ертеңгілікті ұйымдастырушылар – аталмыш балабақшаның «Тілашар» тобының тәрбиешілері Айымгүл Нығманова мен Мәдина Мұрат. Баланың ертегі, ойын арқылы дамитынын жақсы ескерген тәрбиешілер «Шалқан» ертегісін сахналап, ата-аналарға ұсынды. Ал ертегі кейіпкерлерін сомдаған – бүлдіршіндердің өздері. Сахнада ертегі әлеміне енген олар ата-аналарының алдында өздерінің ойнау шеберліктерін көрсетіп, арнайы дайындаған тақпақтарын оқыды.

Ойын түрінде өткізілетін осындай ертеңгіліктер балаларға қоршаған ортаны мейілінше жіті бақылауға үйретіп, ой-өрістерін кеңейтуге, қисынды ойлауы мен байланыстыра сөйлеулерін дамытатыны сөзсіз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button