Қарағанды

Күз – береке

№48 жалпы білім беретін орта мектепте «Күз – мереке, күз – береке» атты мектепшілік қайырымдылық жәр­меңкесі болып өтті. Жәрменкенің басты мақсаты 1-ші қазан күні атап өтілетін Қарттар күніне орай жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызға қамқорлық көрсету.

Жәрмеңкеге барлық сынып оқушылары белсене қатысты. Үйлерінен қолдан жасалған тәтті тоқаш, бәліш, бауырсақ,  сүт өнімдерінен жасалған заттар,  тосап, жемістер, тұздалған қияр, қол өнер бұйымдарын алып келді. 3 «А» сынып оқушылары тәтті тоқаштар, жемістер, құрт, тосап, бәліштерді едәуір төмен бағалармен сатты. Бәліш – 80 теңге, алманың бір данасы – 20 теңге, 1 дана құрт – 10 теңге, тәтті бәліш – 40 теңгеден ұсынылды. Ата-аналар да балаларға көп қолдау көрсетті. Дүкен сөрелеріне қарағанда едәуір арзан, қалтаға тиімді бағамен саудалап, дастарқанға бәліш, тосап, жемістер алдық. Осындай мейрамдар қарсаңында жәрмеңке жыл сайын жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді.

М.СЕРІКОВА,

№48 жалпы білім беретін орта

мектептің  бастауыш сынып мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button