Жаңалықтар

Кәсіпкерлік қанаттанып келеді

    «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесі болмақ. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдаудан бөлек, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталып отыр. Бұл жөнінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Гүлнар ХАСЕНОВА аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасы бекітілгелі түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуалды оқытуды қолдана отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуге мүмкіндікке жол ашылды. Бағдарлама жыл басынан бері облысымыздың 8 шағын қаласында және Қарағандыда жүзеге асты. Біздің облысымызға 912 млн. теңге қарастырылса, «Сбербанк» бағдарламаға қатысушыларды әрі қарай несиелендіру үшін 400 млн. теңгемен қамтамасыз етуге қауқарлы. Қаражатты қарастырушы 5 екінші деңгейлі банктер арасында қомақты қаржы бөлінді. Атап өтсек, «Халық банкі», «Сбербанк», «АТФ Банк», «Нұрбанк» және «Казкомерцбанк» секілді шағын несие беретін қаржы мекемелері арасында келісім шарт жасалды. «Даму» Қоры «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша оператор болып отыр. Бағдарламаға қатысушыларды әрі қарай қаржыландыратын екінші деңгейдегі банктерді қорландыруды жүзеге асыруда. Біз, сонымен қатар, шағын несиелер бойынша кепілдік береміз. Кепілдік мөлшері несие сомасының 85%-нан аспауы қажет. Мамандардың айтуынша, жаңа бағдарламаның, әсіресе, ауылдағы жұртшылыққа берері мол болмақ.

Бағдарлама мақсаты – шағын және орта бизнеске жұмылдыру және осылайша олардың өмір деңгейін жоғарылатуға күш салу, – деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Гүлнар Хасенова.

Несие берудің жалпы мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін мерзімді құрайтын көрінеді.

Сонымен қоса, «Сбербанк» АҚ Қарағанды облысындағы филиалы директорының орынбасары Фархат Сәрсекеевтің мәлімдеуінше, 22 құпталған өтінімдер бойынша несие беруге мүмкіндік туындаған. 

Біз осыған дейін 19 өтінім қабылдадық, қазіргі таңда тексерістер жүргізіп жатырмыз. Жобаның екінші бағытында – бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуға көзделген іс-шараларды қолдауға әзірміз, – деді Фархат Сәрсекеев. «АТФ Банк» өкілі Абылай Мұқажановта банктің клиенттеріне жеңілдіктердің қарастырылғандығын сөз етті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 200 өтініш қабылданып, 26-сы қолдау тапқан.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button