Кәсіби қолдау көрсетті

    «І қалалық жаңашыл педагогикалық идеялар» фестивалінің мақсаты – орыс тіліндегі білім беру ұйымдарында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасынан талантты, шығармашыл педагогтарды анықтау. Сондай-ақ, олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, озық педагогикалық тәжірибені тарату.

Фестивальге орыс тіліндегі білім беру ұйымдарында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Олар іс-тәжірибеге сәйкес оқыту түрлері мен әдістері, мазмұны мен құрылымына сай әзірмелер ұсынды. Қатысушылар өз жұмыстарын 7-10 минут қорғады.

Ұстаздар дайындаған әдістемелік әзірлемелер жан-жақты, сауатты шықты.

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қалалық білім бөлімінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары табысталды. І орынды №64НОМ Ж.Мұрат жеңіп алды. Ал, ІІ орын №74 ОМ Л.Зарубаева, Ж.Сайдина, №78 НОМ Б. Біләлова, №33 МБК Д.Сатыбалдина, К.Оспанова иеленді. Тиісінше ІІІ орынмен №25 ОМ А. Башаева, №52 ОМ А. Ерғалиева, М.Дауенова, М.Мақажанова, №34 НОМ Қ. Біләлова марапатталды.

Ең үздік оқу құралы бойынша №25 мектеп мұғалімдері М.Смағұлова, Л.Адежано­ва, сондай-ақ, №40 мектептің мұғалімдері М.Мұ­­қышева, С.Бүрлешова дайындаған әзір­лемелер марапатқа лайық деп танылды.

К.БҮРКІТБАЕВА,

33 мектеп-балабақша кешенінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.