АймақТеміртау

Көшет көрік береді

Сәл бұрынырақ желден жерге дейін құлап жатқан қыл­қанды жас шыршалар маңайындағы жұртты сарсаңға түсірген еді.

Тағдыры қала тұрғындарын толғандырып келген Теміртау­дағы жас шыршалар көшетін бекіту амалы сәтті жүргізілді. Енді көк шырша көшетіне еш қауіп жоқ. Теміртау шаһары Бейбітшілік даңғылында желге шайқалған шыршаның жас көшеттері турасындағы бейнеролик әлеуметтік желіні кезіп кеткен. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көшет отырғызуға мұрындық болған.

Тамыры топыраққа бекімеген жас көшет солып қала ма деп алаңдаған жергілікті тұрғындар құзырлы мекемелерге хабарласқан. Тілшілер қауымына Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері аталған шырша көшеті қала қарамағына өткенін хабарлады. Өз кезегінде жергілікті әкімдік көшеттегі көк шырша біткеннің тамырын бекітіп үлгерді. Көңілі жұбанған қала тұрғындары әр шыршаның айналасында орнатылған кішкене қоршау тұрған абат көріністі көріп, мәңгі жасыл ағаштардың тамыры тереңдеп, бұтағы биіктейтініне үмітті.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button