Жаңалықтар

Күнсұлу Закария ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды.

Сурет: Ашық дереккөз

Күнсұлу Закария – Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі.

СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинаны әзірлеуге атсалысқан.

«Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы.

200-ден астам ғылыми жарияланым, 8 ғылыми-әдістемелік құрал, 5 монография, 29 өнертабысқа берілетін патент, оның ішінде, 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық препараттар өндірісі бойынша 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы.

ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемасын ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры қызметін атқарды.

2022 жылы «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директорының лауазымына тағайындалған болатын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button