Жаңалықтар

ІТ-мектеп шақырады

    Облыстағы бірінші және жалғыз мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі 2017-2018 оқу жылына 7-8 сынып оқушыларын қабылдау жариялайды.

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты – бұл Қарағанды облысындағы жаңа инновациялық оқу орны. Лицейдің оқыту бағдарламасы физика-математика бағытында талантын танытқан балаларды оқытып, тәрбие беруге бағытталған.

Лицейде пәндік бағыттағы іргелі бөлімдерді үйретуде, сонымен қатар робототехника заманауи ақпараттық технологияны меңгертуде тереңдетіп оқыту бағдарламасы қарастырылған. Олимпиадаларға қатыстыруға және жеке жобаларын құруға басымдық беріледі.

Оқушыларды мобильдік қосымшаны құру және бағдарламалау секілді қызықты пән­дер күтіп тұр, сондай-ақ, өзінің жеке роботын құрастыру және 3D-принтерде идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктері беріледі. Лицей бағдарламасында әлемдегі іргелі білім тренді – STEM (science, technology, engineeringandmathematics) технологиясы қолданылады.

Оқушыларға қойылатын талап – жаңа технологияларға, робототехникаға, дизайнға және бағдарламалауға деген қызығушылығы басым болуы керек. Математика мен логика жүйріктігі бағаланады. Қарағанды облысының шалғайдағы оқушылары үшін интернатта орын беріледі.

Іріктеу байқауында математика мен логикадан тест тапсырады және жеке әңгімелесу өткізіледі. Таңдау барысында информатика, робототехника бойынша байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздарына жеңілдік қарастырылады.

Іріктеу байқауына мына мекен-жай бойынша құжаттар қабылданады: Қарағанды қаласы, Колодезная көш., 9 үй.

Онлаин-тіркеу жүйесі жұмыс істейді: www.itlyceum.kz.

Анықтама үшін телефон: 8 (7212) 37-63-02.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button