ТОКҮО 2020

Ислам да жүлдесіз қайтты

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Ислам БОЗБАЕВ екінші айналымда жеңіліп қалды.

Ол әзірбайжандық қарсыласы Мамадәлі Мехдиевпен негізгі минутта тең түсіп, кездесу қосымша уақытқа (Golden Score) созылды. Ал, қосымша уақытта отандасымызды «ваззари» ұпайымен ұтып кетті. 

Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов салған болатын.

Басқа материалдар

Back to top button