Қарқаралы

Ісі оңға басқан шаруашылық

Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Жайма ауылы Қарқаралы ауданының Қоянды ауылымен іргелес жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Жаймадағы «Жайма» ЖШС Қоянды аумағынан жер алып, қауырт жұмыс бастап кеткен болатын. Бүгінде ірі шаруашылыққа айналған «Жайма» асыл тұқымды мал өсірумен қатар, егіс шаруашылығын да қолға алған.

Шаруашылықта герефорд, ангус, қазақтың ақ бас сиырлары және 671 жылқы бағылады. Бағымдағы малды жем-шөппен қамтамасыз ету мақсатында 5 мың гектарға түрлі дәнді-дақылдар – 2500 гектар жерге арпа, 300 гектарға сұлы, 80 гектар жүгері еккен. Бұдан тысқары 50 гектар жер аумағында бидай, 351 гектарды құрайтын күнбағыс егістігі бар.

Биылғы жылдың ауа райының егістікке қолайлы болуы себепті, құнарлы топыраққа бітік шыққан егістік көз қуантады. Қазір егістік алқабында «Есіл» және шетелдік екі «Джон Дир» комбайндары қарқынды жұмыс атқаруда. Қысқаша түйіндегенде, А.Жақыпов, А.Итко және З.Нығметов секілді өз ісіне мығым механизаторлардың қажырлы еңбегінің арқасында «Жаймада» жарқын істер жүзеге асуда.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button