Жаңалықтар

ӨҢІРЛІК БЮДЖЕТ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    2016 жылғы 12 желтоқсанда облыстық әкімдіктің конференц залында облыстық мәслихаттың депутаты Георгий ПРОКОПТЫҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті ҮІ сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, облыс әкімінің орынбасарлары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

    Сессияда мына мәселелер қаралды:

1. 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы.

3. «Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы XL сессиясының №453 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Қарағанды облыстық мәслихаты хатшысының 2016 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі туралы.

5. «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

6. Саяқ кентіндегі сумен жабдықтау жағдайы туралы.

7. Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының Қарағанды облысы аумағында 2016 жылы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі есебі туралы.

    Бірінші мәселе бойынша Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы О.Чернявская тыңдалды. Бұл мәселе бойынша облыстық мәслихаттың бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ж.Таласбеков сөз сөйледі.

    Төртінші мәселе бойынша облыстық мәслихаттың хатшысы Р.Әбдікеров есеп берді.

     Бесінші мәселе бойынша Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы Ж.Ысқақов сөз сөйледі.

    Алтыншы мәселе бойынша Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Ляпунов тыңдалды. Бұл мәселе бойынша депутат А.Нығматуллин сөз сөйледі.

    Жетінші мәселе бойынша Қарағанды облысы ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ж.Жақаев сөз сөйледі. Бұл мәселе бойынша облыстық мәслихаттың заңдылық және азаматтардың құқығы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ж.Штрегер сөз сөйледі.

     Сессияда облыс әкімі Н.Әбдібеков сөз сөйледі.

      Сессия жұмысында барлығы 18 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button