Бас тақырып

Өңірдегі жылу электр станциялары жөндеуден өтеді

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Saryarqa» телеарнасына тікелей эфирге шығып, көпшілік көкейіндегі сұраққа жауап берді. Аймақ басшысы өз кезегінде өңірдегі жылу электр станциясына тоқталып, ондағы мәселелерді ашып айтты.

Сурет: тікелей эфирден скриншот

Биыл «Шахтинск» қаласындағы жылу орталығынан ақау шығып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Жалпы, өңірде 7 жылу электр орталығы бар десек, ондағы мәселелерді, жөндеу жұмыстары жөнінде тоқталды.

– Өңірде 7 станция, 400 қазандық бар. Шахтинск қаласындағы станциядан басқасында қатты қауіп келтіретін жағдай болған жоқ. Шахтинсктегі жағдай – көмір сапасына байланысты. Бүгінде «Qarmet» АҚ-да көмір тапшылығы бар. Мәселелер толық шешілуде. Шахтинсктегі станция бойынша биыл жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. Тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жалпы, 7 станция бойынша жөндеу жұмыстары үшін бюджеттен қаржы қарастырылмақ. Әуелі Теміртаудағы «ТЭЦ-2» жылу орталығындағы құрылыс жұмыстарын аяқтау қажет. Сонда қала тұрғындары толық жылумен қамтамасыз етіледі, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button