Өңірдегі колледждерде тәжірибелік оқыту енгізілмек

Бүгінгі таңда аймақта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 55 колледж жұмыс істейді. Мамандарды даярлау 97 мамандық және 114 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Колледждерде 31 912 студент оқиды. Ал, оның 21 516-ы – мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Бұдан былай колледждерде тәжірибелік оқыту енгізілмек.

inbusiness.kz

– Соңғы үш жылда колледжге түскісі келетін білім алушылардың саны артты. 2025 жылға қарай тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуді 100 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, осы оқу жылынан бастап өңірде Қарағанды кәсіптік-техникалық және Теміртау техникалық колледжінің базасында «Шаштараз өнері» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша 10-11 сынып оқушыларын тәжірибелік оқыту енгізілді. Яғни, 10-11 сынып оқушылары таңертең мектепте оқиды. Ал, түстен кейін 3-4 сағат осы колледж базасында оқиды. Мектепті бітіргеннен кейін олар орта білім туралы аттестат пен біліктілік туралы диплом алады, – дейді облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Индира Ысқақова.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.