Білім

Өңірде үш Оқушылар сарайы бой көтереді

Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Теміртау қаласы, Пришахтинск пен Майқұдықта Оқушылар сарайының бой көтеретінін мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары 2027 жылға дейін жоспарланған. Қазіргі таңда Пришахтинскте ғимараттың құрылысы басталып кеткен.

– Қосымша білім беру ұйымдарының көпшілігі бюджет қаражаты есебінен тегін қызмет көрсетеді. Ақылы қызмет тек музыкалық және көркемдік бағытта. Бағасы 1000-3000 теңге аралығында.  Сондай-ақ, барлық қосымша білім беру ұйымы жазғы маусымда жеке кесте бойынша жұмыс істейді. Бүгінде аймақта қосымша білім беруді 96 ұйым жүргізеді, – деді Гүлсім Қожахметова.

Сондай-ақ, биыл өңірдегі 55 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 10 нысанына – күрделі, 45 нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін бюджеттен 3,6 млрд. теңге бөлінген. Және мектеп ғимараттарына іргелес немесе ғимарат ішінде орналасқан автономды жылу жүйелері ерекше бақылауда болмақ. Одан бөлек, 12 қазандықты мектептерден қауіпсіз жерге көшіру жоспарлап отыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button