Жаңалықтар

Індетке қарсы міндетті шара

Бруцеллезге шалдыққан ауру малды сою, өткізу және сойылған малға өтемақы беру қалай жүзеге асырылады?

Ернар АҚАНОВ.

Мұндай жағдайда жергілікті атқарушы органның белгілеуімен жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдейтін ұйымдарға ауру малдарды өткізу арқылы жүзеге асырылып, акт жасалады. Оны жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым орналасқан жердегі ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшесі мөрімен бекітеді.

Адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, олардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті залалсыздандыру және қайта өңдеу кезінде өтемақы бір малға және одан алынатын шикізаттың бір келісіне орташа айлық нарық құнының 30%-ы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен төленеді. Орташа айлық нарық құнының қалған бөлігін (70%) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдейтін ұйым төлейді. Егер, мал иесі бруцеллез анықталған малын арнайы мал соятын орында сойып, 12 сағат ұстағаннан соң ішкі сауда орындарына нарықтық құнмен сатқан жағдайда оған өтемақы төленбейді. Өтемақы тек етті қайта өңдеуші кәсіпорынға жоғарыда көрсетілгендей құжаттармен өткізілген жағдайда ғана төленеді. Қорыта айтқанда, мал иелері өз міндеттерін жауапкершілікпен орындаған жағдайда қорадағы түліктің және оның өнімдерін тұтынатын халықтың да денсаулығы сау болары хақ.

Данияр МЕРҒАЗИН,

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button