Қарағанды

Хат алмасып жүрмін

Мен Қарағанды қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – әзірбайжан болғанымен, тілім – қазақ. Олай дейтінім менің ортам – қазақтілді орта. Үйден шыға сала, қазақ балаларымен ойнадым, қызыққа баттым, қуандым. Балабақшада ән айттым, би биледім, дәстүрді сезіндім. Ал, қазір, мектеп жасында жүрген сәтімде ақын-жазушылардың шығармаларын басыма жастап жатамын. Қиялға беріліп, болашағым туралы ойлаймын…

Жуырда мектебімізде 22 қыркүйек – ҚР тілдері күні мерекесі атап өтілді. Сыныптастарымызбен үш тілде сөйлеп, өнер көрсетіп, мәз болыстық.

Жүргізушінің сөзінен мен латын әрпіне көшу насихатталып жатқанын естідім. Үйге келіп, латын әліпбиін аштым. Міне қызық, есіме қазақ тілі пәнінен былтырғы оқу жылында өткен «Зият» III жалпықазақстандық қашықтық олимпиадасының II дәрежелі дипломымен марапатталғаным есіме түсті.

«Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек», – деп Гете айтқандай, енді мен құрбыларыммен латын әріптерімен хат алмасып жүрмін.

Гульшан МЕХТИЕВА,

№16 орта мектебінің       8 «Б» сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button