ХАБ ҚҰРЫЛАДЫ
Жақын арада қарағандылықтар Қытайдан жіберілген сәлемдемелерді тезірек алу мүмкіндігіне ие болады. «Сарыарқа» әуежайында ірі пошталық хаб құрылады. Жоба жыл соңына дейін іске қосылуы тиіс.
Хаб Қытай мен Қазақстаннан жеткізілген сәлемдемелерді тиейтін сұрыптау орталығы болады. Кедендік бақылау мен сұрыптау осы жерде өткізілетін болады. Ол заттардың жеткізілу мерзімін бірнеше күнге дейін қысқартады.
Әуежайда хаб орналасатын жер белгіленіп, қоршауға алынған. «Қазпошта» АҚ бас департаментінде қазіргі таңда оны ашу шараларының жоспары және пошта, әуежай және кедендік қызметтің серіктестігінің технологиялық сызбасы қарастырылып жатыр.
Қарағандылық әуежайдағы хаб арқылы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына арналған сәлемдемелер де өтуі мүмкін.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.