Жаңалықтар
Фейсбуктің болжамы (Нұрхан Мыңбайға)

Фейсбук мені өзіне некеледі.
Тексереді, тергейді жеке мені;
«106-ға келесің» – дейді маған,
(79 болса да жетер еді…).
О, ғарыштың мен екем еркін ұлы,
Өлерімде бұлтты да серпіп ірі –
Күледі екем сақылдап!..
(100-ден асса,
Нұрхан-дағы* күледі, мен түгілі?).
Әлі талай тезден һәм саптан өтем,
91-дей пайызым – ақтар** екен;
50 де 50 – біраз жұрт…
Тәубе, менің
9 пайыз ғана жерім…
қап-қара екен?**
Қалай әкем мендей бұл ұл тіледі?
Ақын болып, – кім содан бір түледі?
Сол 91 пайыз ғой мені құртқан!
… Олигарх болуым мүмкін еді?!
Өлең болып көшкенде – абат тұнып,
Жүгіріп пе ем соңынан балақ түріп?
… Ия, күлем өлерде ішегім қатып,
Сол 91 пайызға қарап тұрып…
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
*Нұрхан Мыңбай – журналист,
құрдас-замандас.
**ФБ-Ақ пен Қараны таразыға тартқанда (С.А.)