Жаңалықтар

Федоров су қоймасы жағасында сасық бұлақ көзінің пайда болғаны рас па?

Осыдан бірнеше күн бұрын Қарағанды қаласының тұрғындары Федоров су қоймасы жағасында жағымсыз иісі бар жерасты суының су қоймасына құйылып жатқандығы туралы видео таратты. Осы мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін облыстық экология департаментінің мамандары судан арнайы сынама алған.

Федоров су қоймасы

Аталған департамент мамандары шағым түскеннен кейін мемлекеттік органдар өкілдерімен су қоймасына барды. Оқиға орнына келген «Қарағанды Су» ЖШС мамандары ол жерде су құбыры коллекторы жоқтығын айтты.

– Жағымсыз иіс сезілген жоқ. Оның шығу себептері туралы ештеңе айта алмаймыз, – деген Экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары суд сынамасын алды.

Мамандардың айтуынша, жүргізілген сараптама нәтижесінде аммоний ионының, нитриттің, нитраттың және беттік-белсенді заттардың қауіпті деңгейден асып кетуі анықталған жоқ.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button