Фабрика өртенді

Облыс орталығындағы аяқ-киім фабрикасы өртке оранды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ТЖД хабарлады.

Өрт туралы хабар кезекшілік-диспетчерлік қызметке 17 мамыр күні сағат 20:33-те келіп түскен. Ғимарат шатырының 750 шаршы метрлік ағаш торламасының өртке оранғандығы анықталды. Өрт сөндіру шараларының арқасында сағат 23:31-де тілсіз жау ауыздықталып, 23:43-те толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге 16 техника мен Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары жеке құрамының 70 адамы жұмылдырылды.

Абырой болғанда, тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өз тілшімізден

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.