Жаңалықтар

Эстафета жалауы желбіреді

Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің 75-ші жеңілатлетикалық эстафетасы жалауын желбіретті. Желаяқтардың алғашқы тобы жүгіруді 11:00-де Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысындағы Сарыарқа көшесінде орналасқан «Тутұғыр» композициясы алаңынан бастады.

 

Шара басында Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Эстафета 1945 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл «Индустриальная Караганда» газетінің атындағы жарыс Жеңістің 77 жылдығына арналып, 75-ші рет өткізіліп отыр. Оған әдеттегідей қаланың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің, жоғары оқу орындары мен ұйымдарының оқушылары, өндірістік ұжымдардың өкілдері, әскери қызметшілер, ардагерлер, денсаулық топтары, мүмкіндігі шектеулі спортшылар және жеңіл атлетиканы ұнататындар қатысуда.
Эстафетаға қатысушылар 6 топқа бөлініп, олар 10 жүгіру бөлімшесіне жіктелген. Жарысты Қарағанды қаласының әкімдігі, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы һәм «Сарыарқа ақпарат» ЖШС бірлесіп ұйымдастырып отыр. Эстафетаға шамамен 3000-нан астам адам қатысуда.
Эстафетаға Бас төреші А.Ахметов бастаған кәсіби мамандар төрешілік етуде.
Жүгіру 6 топ бойынша өткізіледі:
1 топ-жоғары оқу орындарының, спорт клубтарының, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің командалары;
2 топ – колледждердің, Т.Бигелдинов атындағы әскери мектеп-интернаттың командалары;
3 топ – жалпы білім беретін мектептер (11 жыл оқытатын);
4 топ – толық емес орта мектептер (9 жыл оқытатын);
5 топ – қаланың өндірістік ұжымдарының, кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері;
6 топ – спорт ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, жеңіл атлетиканы ұнататындар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері (1400 метрге жеке жүгіру).
Барлық топта ерлер мен әйелдер бөлек жүгіреді. 1-5 топ командалары эстафетада 10 кезеңге бөлініп жүгіреді.
Эстафетаның жүгіру кестесі төмендегідей:
11.00-де 1 жүгіру: ардагерлер, денсаулық топтары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, жеңіл атлетиканы ұнататындар. (әйелдер, ерлер, балалар)

11.10-де 2 жүгіру: колледждер, Т.Бигелдинов атындағы әскери мектеп-интернат,
өндірістік ұжымдар (ерлер)
11.20-де 3 жүгіру: колледждер, Т.Бигелдинов атындағы әскери мектеп-интернат,
өндірістік ұжымдар (әйелдер)
11.35-те 4 жүгіру: 9-жазғы мектептер (ұлдар)
11.45-те 5 жүгіру: 9-жазғы мектептер (қыздар)
12.00-де 6 жүгіру: жалпы білім беретін мектептер (11 жазғы) (ұлдар)
12.10-де 7 жүгіру: жалпы білім беретін мектептер (11 жазғы) (қыздар)
12.30-да 8 жүгіру: ЖОО, спорт клубтары, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің тәрбиеленушілері (ұлдар)
12. 40-та 9 жүгіру: ЖОО, спорт клубтары, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің тәрбиеленушілері (қыздар)
13.30-де жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі мен шараның жабылуы өтеді.
Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button