Аймақ

Ескі саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Пришахтинск қаласындағы ұзақ жылдар бойы қараусыз, жөндеусіз тұрған саябақты абаттандыру үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Тіпті, құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Жаяу жүргіншілер жолдары салынып, спорт және ойын алаңдары орнатылмақ. Облыс әкімі кезекті жұмыс сапары барысында саябақтағы құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

23-ші шағын аудандағы саябақ бұған дейін ескі қоршаумен қоршалған. Қазір ескі қоршау толығымен алынды. Енді жарықшамдар орнатылуда. Бұдан бөлек, арнайы техниканың көмегімен жаяу жүргіншілер жолының орыны ретке келтірілуде. Алдағы уақытта төсеніштер төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Саябақтың қақ ортасындағы үлкен алаң абаттандырылып, футбол, баскетбол ойындарына арналған алаң мен балалар ойын кешені салынады.

– Бірде бір ағашты кесіп тастауға жол бермейміз. Барлық жасыл желектер сақталуы тиіс. Қурап қалған өсімдіктерді алып тастау үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгіну қажет. Жұмыс сапасын көпшілікпен бақылаңыздар. Саябақ қала тұрғындарының сүйікті демалыс орыны болуы үшін бәрін жасау қажет. Болашақта бизнес өкілдерін тартып, аттракциондар ашу қажет, – деді аймақ  басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button