Жаңалықтар

Есірткімен ұсталды

Қарағандыда психотроптық заттарды қойып кетумен айналысқан 20 жастағы күдікті құрықталды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Гоголь көшесіндегі үйлердің бірінің жанында есірткі сақтау және өткізу қылмысына күдікті қызды ұстады.

Тінту барысында одан ұнтақ заты бар 6 байлам тәркіленді. Тұрғылықты пәтерін тексеру кезінде полицейлер тағы да 50 орамды тапты. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерден тағы 2 орам табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, орамда жалпы салмағы 4 грамм болатын психотроптық препарат болған.

ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұсталған қыз қамауға алынды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button