Қарағанды

Есімде, Әліппені жаттатқызып…

   Алтын орда мектебім М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның түлегімін. Шыны керек, он бір жылдың қалай өтіп кеткенін аңғарып та үлгермедік. Мектепті бітіруге асық едік. Енді, сағынып жүрміз.

Сынып жетекшіміз Айша Егізбайқызы барлық еркеліктерімізді көтеріп, жанашыр болған. 11 сыныпта мұғалімімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтағанымыз есте қаларлықтай болды.

Бесінші сыныптан бастап он бірінші сыныпқа дейін сабақ берген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Дана Мұратқызының сабағы ерекше өтетін. Себебі, мінезі ашық. Біз тек осы мұғаліммен ғана қандай тақырыпта болмасын сөйлесіп, пікір таластыра беруші едік.

Тарих пәнінен сабақ берген Сәния Қамысбайқызы – еш уақытта көмегін аямайтын.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Бақыт Құлжанбековамен берген сабақтардың барлығы әрдайым қызықты әрі көңілді өтетін.

Әрбір мұғалімге шексіз алғыс білдіруге міндеттіміз. Себебі, дүниелік түсінігімізді тереңдеткен ұстаздарымызға ұлағатты ой иелері, арман оты жүрегінде алаулаған жас жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де – қарыздар.

Аяжан КЕНЖЕБАЙ,

Е.Бөкетов атындағы

ҚарМУ-дың І курс студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button