Жаңалықтар

Еселі еңбек иесі

        Серік МҰСТАФИННІҢ үлкен нумизматикалық коллекциясында бес мыңнан астам тиындар мен банкноттар бар.

1956 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарқаралыдағы №8 Бесоба орта мектебінің 8-ші сыныбын бітіріп, №72 КТУ-ден кең профильді машинист мамандығын алды. Кейін Абай атындағы Саран қаласының педучилищесінің еңбек және сызу бөлімін бітірді.

1978 жылдары Шет ауданына қарасты «Ақшоқы» совхозындағы Қызылтау орта мектебінің  еңбек және сызу пәнінің мұғалімі болып, комсомол ұйымының хатшысы ретінде қоғамдық жұмыс атқарды. Шет аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы қызметінде болды. Алматыдағы саясаттану және басқару институтын бітіріп, «саясаттанушы» мамандығын алды. Кейін Шет ауданында (Талды) Комсомол селолық кеңестің депутаты, Кеңестің төрағасы қызметін атқарды. Сондай-ақ, Саран қаласы әкімшілігінің тілдерді дамыту басқармасының бас маманы, одан кейін әкімшіліктің әлеуметтік және ішкі саясат бөлімінің маманы, қосымша Абай атындағы педучилищесінде тарих, саясат, мәдениет пәнінің аға оқытушысы болды.

2003 жылдан облыстық мемлекеттік қызметшілер мен білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының 1-ші дәрежедегі әдіскері және аға оқытушысы, сонымен қатар, «Арна – Қарағанды» облыс мемлекеттік қызметкерлері газетінің редакторы қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық оқыту орталығының аға оқытушысы міндетін атқаруда. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының біліктілігін арттыру курстарында дәріс алды. Творчестволық жүйеде «Ұрпақтар есінде» Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған кітапша жинақтап шығарды.

Облыстың қоғамдық шараларына белсенді атсалысатын Серік Хамзаұлы  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалімен, Конституцияның 20 жылдығына орай облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қарағанды облысының мұражайында үлкен нумизматикалық  көрме өткізді. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, мән-жайын орталықта дәріс алатын мемлекеттік қызметшілерге насихаттайды. Сонымен қатар, 87-ші қадам бойынша «Қазақстан энциклопедиясы» төңірегінде өңірлік интернет-жобасын дайындау үстінде.

 

El.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button